Жаңа анимациялық мультфильм жарық көрді

17 Sep 2015 02:15 0
2,355
РИКА ТВ Download
1 0

Жаңа анимациялық мультфильм жарық көрді Clip Video - Бүгін жаңа анимациялық мультфильм жарыққа шықты. Облыстық тілдерді дамыту басқармасының тапсырысымен Астана қаласында жасалған. Бірнеше бөлімнен тұратын отандық өнім өңіріміздің балабақшаларына тегін таратылады. Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында тұсауы кесілген көп сериялы анимациялық фильм мемлекеттік тілді дамытуға арналған. "Менің отбасым", "Әдептілік-әдемілік", "Кім болам?", "Менің Отаным" мультфильмдері кішкентай ақтөбеліктерді ізгілік пен адамгершілікке тәрбиелейді. Отбасылық құндылықтарды, үлгі-өнеге мен қарым-қатынасты бүлдіршінге түсінікті тілмен жеткізуде анимациялық мультфильмдер таптырмас дүние. "Мультипликация құралдары арқылы 3-7 жас аралығындағы бүлдіршіндерді жақсылыққа тәрбиелеп, тіл үйрету оңай",- дейді мамандар. Астана қаласында шығарылған фильмде өндірушілер 3Д графикасын пайдалана отырып, әр бөлшекті бейнелі фонмен безендірген. Негізгі мағынаны ашу үшін көркем бейнелер пайдаланылған. Анимациялық фильм балабақша тәрбиешілеріне көмек құралы ретінде тегін таратылатын болады. Өткен жылы бастау алған жобаға 5 млн. теңге жұмсалған. Келер жылы өзге форматта жалғасын табады. Жаңа отандық дүние тұсаукесерге келгендерге тегін таратылды.

Related of "Жаңа анимациялық мультфильм жарық көрді" Videos

майя - Қазақша мультфильм kazaksha multik Қазақша Мультфильмдер 3,117,657
alippe 01 Куаныш Тимуржанов 376,823