Исламды жақындастыру бойынша халықаралық семинар басталды

24 Apr 2019 00:59 0
25
Alfarabi TV Download
2 0

Исламды жақындастыру бойынша халықаралық семинар басталды Clip Video - Ислам Ынтымақтастық Ұйымның Бас Хатшылығы, Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматыда 22-23 сәуір аралығында «Исламды жақындастыру бойынша бастама: ИЫҰ-ға мүше-мемлекеттердегі бейбітшілік пен қақтығыстарды реттеу жөніндегі перспективалар» атты халықаралық семинар өткізуде.

Семинарға ИЫҰ мүше-мемлекеттерінің дипломаттары, Қазақстандағы шет елдер дипломатиялық корпустарының өкілдері, көрнекті ғалымдар мен сарапшылар қатысуда. Аталмыш іс-шарада ислам мемлекеттері территориясындағы реттелмеген қақтығыстар мен ИЫҰ-ға мүше-мемлекеттер арасындағы шешілмеген дауларды шешу мақсатындағы Исламды жақындастыру туралы бірлескен қазақ-түрік бастамасының өзекті тақырыптарын диалогтық алаңда талқылайды. Сонымен қатар семинар барысында қауіпсіздікті, адам құқығы мен заңның үстемдігін қамтамасыз ету бойынша озық тәжірбиелер алмасуы өтеді.

Семинар қатысушыларына ИЫҰ-ның қақтығыстарды реттеу және делдалдық қызметті атқарудағы саясаты мен рөлін терең тануға, ислам мемлекеттердегі бірнеше жылдар бойы созылған және ИЫҰ-ның мүше-мемлекеттеріне және әлемнің өзге мемлекеттеріне әсер еткен қақтығыстардың тарихы мен табиғатын білуге, сонымен қатар сенімділікті нығайту, жанжалдардың түпкілікті себептерін анықтау және жою негізінде дағдарыстарды шешу және жақындастыру бойынша практикалық шараларды талқылауға мүмкіндік беріледі.

Елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басым бағыттарды ұстана, сондай-ақ БҰҰ-ның "Академиялық ықпал ету" бағдарламасының Жаһандық хабы бола отырып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бейбіт және ашық қоғамды қалыптастыруға әрекет ететін тұрақты даму мақсатының жүзеге асуына, сонымен бірге халықаралық ұйымдардың жаһандық әлемдегі қауіпсіздікті және адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі бастамалары мен жобаларына белсенді қатысады.

#ИсламЫнтымақтастықҰйымы #AlFarabiUniversity #TRCKazNU


Tags: ҚазҰУ, КазНУ, Ритц-Карлтон, Әл-Фараби, Аль-Фараби, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы

Related of "Исламды жақындастыру бойынша халықаралық семинар басталды" Videos